| Махаббат пен достық | | Қосылды: |
Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” - деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады. Ал осы екеуі бір-біріне кедергі бола алады ма? Әрине, өмірде махаббаттың достыққа кедергі болатын жағдай жиі кездеседі. Өкінішке орай, өмірде достықтың да махаббатқа кедергі болатын жағдайын кездестіруге болады. Яғни, махаббат жылатқан жерде тек күлкі сыйламай, сол жасқа себепші өзі болып жылатып та кетеді.
(Ары қарай )
| kukek Kairat Mereke 523 дня назад  |
| Пікірлер: 0 Топ: Әндер | Просмотров: 808 | |
| Махаббат сезімі өшкенбе? | | Қосылды: |
... Естен кетпес сол бір балалық шақпа? Әлде ол шын махаббатпа? Сүйдім, сүйдім мен шын жүрекпен, адал сезімін білдірген, пәк те нәзік махаббатын сездірген, қамқорлығы мен ыстық сыйластығын үзбей келген жаным дейінбе? Әлде махаббатым дейінбе? Шын алғашқы махаббат - бұл өмірдің мәнісі де, өмірдің ағысы мен өмірдің жалғасы.
Сол бір кездің мәнісі мен сәнісі өшпестей орынға ие!
Көктемнің бүршік жарып, гүлденген сәтінде кешкі көктем самалы мен жарқырап, жайнап тұрған жұлдызды, айлы түнде алғашқы махаббат сезімін білдірген сәт, мен үшін ағып өткен өзен тәріздес. Балалық шақ деген сезімнің, жүректегі махаббат лүпіліне айналған ғашықтық сезім екеніне көз жеткіздім. Алғашқы махаббаттың сондай нұрлы жүзді, адал жанды жігітпен кездескеніме еш өкінішім жоқ. Достықтың кенеттен махаббатқа ұласқаны,менің түн ұйқымдағы бір ғажайып та, ең тәтті, ұмытылмас түс секілді. Сол бір сезімнен соң менің ойыма жігіт пен қыздың жақын достасуы ғажап еместігін түсіндім.
Ж а н ы м, досым болған махаббатым, сенің маған деген сүйіспеншілігің әлі де жанып тұрма? Әлде ол сезімдер жалғасын тоқтатып, сөніп тұрма? Мен одан бейхабармын! Сен менің алғашқы махаббатым болып, жүрегімнен мәңгі орын аласың. Саған өмірлік бақыт тілеймін!
Арайлым Бағдат қызы
| kukek Kairat Mereke 523 дня назад  |
| Пікірлер: 0 Топ: Әндер | Просмотров: 662 | |
| Сүйгеніңмен Қоштаспа! | | Қосылды: |
Сүйгеніңмен Қоштаспа!
Егер
сүйгеніңмен қоштасу уақыты, махаббатты ұмыту уақыты
келсе, өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Шынына келсе, бұл өте
қиын жағдай және әркім сол сәтте өзін тыныш және бейқам
ұстап тұра алмайды. Бас салып айғай, ұрыс және тіпті төбелес басталуы
ғажап емес.

Өміріңде
қолданбаған ащы сөздер, айтылмай қалған өкініштер және жанға батар
балағаттаулар қатары ағыла айтылыды. Сіз жан тәніңізбен, барынша
сүйіктіңізді сөзбен, болмаса, күшпен жеңуге тырысасыз. Сіз
сүйгеніңізңе деген өкініштеріңізді ғана емес, бүкіл әлемге деген
өкініштеріңізді айта жөнелесіз. Бұл сөздерден кейін, тіпті мүмкіндік
болғанның өзінде де қайта оралу мүмкін болмайды. Неге бұл ыңғайсыз
жағдайдың женіл шешімі жоқ? Неге біз өз-өзімізді қолға ұстап, тыныш
және жан ауырқысыз қоштаса алмаймыз?
Өзіңіз
ойлаңыз... Сіз барлығын айтып тастап, өзіңізді жұбата алам деп ойлайсыз
ба? Қателесесіз. Себебі, ол айтқандарыңызға жауап одан да сорақы
болады, себебі сіздің сүйгеніңіздің де өз айтары бар (сіз келмей
қалған кездесу, сіз байқамай айтқан ауыр сөздеріңіз, сіз ұмытқан, бірақ
айтылуы тиіc “Құттықтаймын!” сөзі(көбіне ол туылған күн немесе 8
март;)). Олай болмағанның өзінде де, сіз айтып тастаған
сөздеріңізге, сүйіктіңіз үндемей тұрса, содан соң жай ғана есікті
жауып шығып кетсе, сіз қалай боласыз? Қалай? Жеңілдей ме? Жоқ!
Сіз тіпті орын таппай жындануыңыз ықтимал!
Шындығында да,
былай ойласаң, мүмкін “көріп, дос болып, кездесіп, ғашық болып,
содан соң бірге журу” процессін кері қайтару, яғни сезіміңді басып,
анда-санда ғана кездесіп, айлар бойы кездеспей, сезімдер суи
бастағанда ғана қаштасу дұрыс болар. Себебі, тек осы әдіс ең тыныш
және жеңіл аяқталады…
| kukek Kairat Mereke 525 дней назад  |
| Пікірлер: 0 Топ: Әндер | Просмотров: 550 | |